Орта салмақтағы WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Карлос Адамес әлеуметтік желілерде «Қазақ стилі» лақап атымен танымал WBO және IBF белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлына жауап берді, деп хабарлайды Sport-24.kz.
Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желіде Карлос Адамеске жекпе-жекке шақырып, оны қорқақ болмауға үндеген еді:
— Егер Карлос қорқып қашып кетпесе, бұл жекпе-жек жақында өтеді. Ерік болса — қашан да дайынмын! Бұл жекпе-жек тек қарсыластың батылдығына байланысты. Ол да белдікке тығылып қалған қорқақ болмаса екен, — деп жазды Әлімханұлы.
Адамес бұған жауап ретінде ашулы мәлімдеме жасап, Жәнібекті қорқытты:
— Мен бұны бір рет айттым және қайталамаймын. Бұрын нағыз қарсыластық болатын, ал қазір жанкүйерлер де мұндайды көрмеген. Мен оны рингте қақ жарып жіберемін. Оның бетіне қараңызшы, өзі қорқып тұр. «Жеңіл жұмыс» деп айта бермей, нақты іске кіріссін. Доминикандық күш бар. Top Rank-та менің доминикандық бауырым бар. Бұл жекпе-жекке шықсаң, не болатынын көресің, — деді «Бронко».