21/06/25

Ямаль сынға ілікті: Легенда оны не үшін сынады?

Мадридтік «Реал» командасының бұрынғы ойыншысы Гути «Барселона» мен Испания құрамасының жас вингері Ламин Ямальдың іс-әрекетін қатал сынға алды, деп хабарлайды Sport-24.kz.

Легендарлы футболшыға 17 жастағы Ямальдың жуырда өткен баспасөз конференциясындағы киім үлгісі ұнамаған.

— Маған Ямальдың баспасөз конференциясына артқа қарай киіп алған кепкамен келгені ұнамады. Мұндай киім стилі демалыста немесе күнделікті өмірде жарасымды шығар, бірақ ұлттық құраманың немесе клубтың ресми іс-шарасында дұрыс емес, — деп келтіреді испандық БАҚ Гутидің сөзін.

Айта кетейік, Испания құрамасы жексенбі күні Ұлттар лигасының финалында Португалияға пенальти сериясымен есе жіберіп қойды. Ямаль 106-минутқа дейін алаңда болды да, кейін алмастырылды.