Transfermarkt.com сайты Ресейдің «Тюмень» футбол клубының қазақстандық қақпашысы Александр Довгальдің трансферлік құнын жаңартты, деп хабарлайды Sport-24.kz.
Маусым айындағы жаңартудан кейін 24 жастағы қақпашының нарықтық бағасы екі есеге өсіп, 125 мың еуродан 250 мың еуроға жетті. Бұл Довгаль үшін рекордтық көрсеткіш болып отыр.
Өткен маусымда Довгаль Ресейдің Бірінші лигасында «Тюмень» сапында 13 матч өткізіп, 16 гол жіберіп алды. Үш ойында қақпасын «құрғақ» сақтап қалды. Маусым қорытындысы бойынша «Тюмень» турнир кестесінде соңғы орындардың бірін алып, Ресейдің Екінші лигасына түсіп қалды.