21/06/25

«Манчестер Сити» Хусановты жаңа маусымға дайындап жатыр

Англияның «Манчестер Сити» клубы Премьер-лиганың 2025/2026 жылғы маусымына арналған қонақ алаңындағы жаңа формасын таныстырды. Жаңа форма үлгісін клубтың жұлдызды ойыншылары — испаниялық жартылай қорғаушы Родри, бразилиялық қақпашы Эдерсон және бельгиялық шабуылшы Жереми Доку таныстырды. Сонымен қатар, Өзбекстан құрамасының қорғаушысы Абдуқодир Хусанов та аталған шараға қатысты.

Айта кетейік, Абдуқодир Хусанов биылғы маусымда Пеп Гвардиола баптайтын командада небәрі тоғыз ойынға қатысты. Бұған дейін оның басқа клубқа жалға берілуі немесе сатылуы мүмкін деген ақпарат тараған болатын.