Ағылшынның «Манчестер Сити» клубының бельгиялық жартылай қорғаушысы Кевин Де Брюйне еркін агент ретінде италиялық «Наполи» клубына ауысты. Бұл туралы белгілі спорт журналисі Фабрицио Романо хабарлады.
34 жастағы ойыншының жаңа келісімшарты 2027 жылға дейін жарамды болады, сондай-ақ тағы бір жылға ұзарту мүмкіндігі қарастырылған. Де Брюйне «Наполи» сапындағы ең жоғары жалақы алатын ойыншы болмақ.
Айта кетейік, мамыр айының басында Де Брюйне маусым соңында «Манчестер Сити» клубынан кететінін ресми түрде мәлімдеген еді. Оның ағылшын клубымен арадағы келісімшарты осы маусым соңында аяқталды.