Өзбекстан футбол құрамасы өз тарихында алғаш рет Әлем чемпионатына жолдама алып, тарихи жетістікке жетті. Осыған орай, ел президенті Шавкат Мирзиёев құраманың ойыншыларына құрмет ретінде BYD маркалы автокөлігін сыйлағаны мәлімделді.
Сонымен қатар, бас бапкер, футболшылар және жаттықтырушылар мемлекеттік наградамен марапатталды.
Айта кетейік, Өзбекстан құрамасы іріктеу турнирінде БАӘ құрамасымен тең ойнап (0:0), өз тобында 2-орынды иеленіп, 2026 жылғы Әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік алды.
Кеше Өзбекстан құрамасы Қатарды 3:0 есебімен ұтып, іріктеу кезеңін жеңіспен аяқтады.