21/06/25

Қазақстан құрамасы екі жеңілістен кейін FIFA рейтингінде төмендеді

Қазақстан ұлттық футбол құрамасы маусым айындағы сәтсіз ойындардан кейін FIFA рейтингінде бір саты төмен түсті, деп хабарлайды Sport-24.kz.

Football-ranking.com сайтының мәліметіне сәйкес, Қазақстан 113-орыннан 114-орынға сырғыды. Вьетнам құрамасы (113) мен Мадагаскар (115) ұлттық командаларының арасына орналасты.

Рейтингтің көш басында Аргентина, Испания және Франция құрамалары тұр. FIFA ұйымының ресми жаңартылған рейтингі 10 шілде күні жарияланады.

Айта кетейік, маусым айында Қазақстан құрамасы екі кездесу өткізіп, екеуінде де жеңіліп қалды. Алдымен Беларусьпен жолдастық матчта 1:4 есебімен жеңілсе, кейін 2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу аясында Солтүстік Македонияға 0:1 есебімен есе жіберді.