21/06/25

Асхат Тағыберген кеткеннен кейін Қазақстан құрамасына жаңа капитан қарастырылуда

Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Павел Евтеев ұлттық құраманың жаңа капитаны кім болуы мүмкін екені жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Sport-24.kz.

— Қазақстан құрамасының капитаны тәжірибелі футболшы болуы тиіс. Менің ойымша, бұл жауапкершілікті Нұралы Әліп пен Бақтиер Зайнутдинов иелене алады. Әсіресе, Бақтиер жарақатынан толық айыққан соң капитандық міндетті атқаруға лайық. Бұл екі ойыншы да командаға көшбасшылық жасап, алға жетелейтін күшке ие, — деді Евтеев.

Еске сала кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу аясында Солтүстік Македониядан 0:1 есебімен жеңілгеннен кейін Асхат Тағыберген ұлттық құрамадағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді. Ол Қазақстан құрамасында 63 матч өткізіп, 3 гол соғып, 7 нәтижелі пас берген.