2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына іріктеу кезеңіндегі Финляндия мен Польша арасындағы матч қайғылы жағдаймен аяқталды. Бұл туралы Sport-24.kz хабарлайды.
Оқиға 10 маусым күні Хельсинки қаласындағы стадионда орын алды. Матч кезінде трибунада отырған жанкүйердің жағдайы күрт нашарлап кеткен. Медициналық қызмет жедел әрекет етіп, алғашқы көмек көрсеткенімен, жанкүйерді аман алып қалу мүмкін болмады — ол ауруханада көз жұмды.
— «Полиция матч кезінде ұстамадан зардап шеккен жанкүйердің қайтыс болғанын растады. Финляндия құрамасы мен елдің футбол қауымдастығы марқұмның отбасына көңіл айтады», — делінген федерацияның әлеуметтік желідегі хабарламасында.
Қайғылы жағдайға байланысты матч біраз уақытқа тоқтатылып, командалар уақытша киім ауыстыратын бөлмелеріне жіберілді. Арбитр Жоау Пинейру шешім қабылдағаннан кейін ойын жалғастырылып, Финляндия құрамасы 2:1 есебімен жеңіске жетті.