20/06/25

Бахтиер Зайнутдинов “Бешикташ” басшылығына ресми өтініш жасады

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов стамбұлдық “Бешикташ” клубының басшылығына ресми түрде “Динамо” (Мәскеу) клубына ауысуға рұқсат сұрап жүгінді, деп хабарлайды Sport-24.kz.

Ақпарат көздеріне сүйенсек, ресейлік клуб ойыншымен жеке келісімге келген және қазір трансфер құны бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр. Айта кетейік, 27 жастағы жартылай қорғаушының “Бешикташпен” келісімшарты 2027 жылға дейін жарамды. Алайда, Зайнутдинов тұрақты ойын тәжірибесіне ие болу үшін басқа командаға ауысуды қалайды.

Өткен маусымда ол түрік клубы сапында 12 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берген. Қазіргі уақытта футболшының трансферлік құны 3,3 миллион еуроға бағалануда.