Венгрия астанасы Будапештте өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы әдеттегідей ауқымды құраммен қатысуда. Жерлестерімізге қолдау көрсету үшін ел тарихындағы ең танымал дзюдошылардың бірі — Олимпиада чемпионы Елдос Сметов арнайы келді.
Qazsport телеарнасының ресми Telegram-арнасы Сметовтің трибунада отырған сәтінен кадр жариялады. Онда Елдос Мағжан Шамшадин мен америкалық Дэвид Терео арасындағы жекпе-жекті тамашалап отыр. Айта кетейік, бұл кездесуде қазақстандық дзюдошы жеңіске жетті.
32 жастағы Елдос Сметов — ерекше жетістіктерге жеткен спортшы. Ол Олимпиада ойындарында барлық дәрежедегі медальді жеңіп алған: Рио-2016-да күміс, Токио-2020-да қола, ал Париж-2024-те алтын медаль иегері атанған.