20/06/25

Әбиба Әбужақынова: «Бас жүлде үшін келдім, бірақ келесі жолы Қазақстанның әнұраны шырқалуы тиіс»

Будапештте (Венгрия) өткен дзюдодан 2025 жылғы әлем чемпионатының финалынан кейін Қазақстан құрамасының мүшесі Әбиба Әбужақынова өз әсерімен бөлісті. Бұл туралы Sport-24.kz хабарлайды.

— Биылғы басты мақсат – әлем чемпионаты болды. Сондықтан Азия чемпионатына қатыспадым. Бапкерлеріммен бірге тактикалық дайындыққа ерекше мән бердік. Алайда финалда бірқатар қателік жіберіп алдым. Егер «Юкоға» түспегенімде, жекпе-жекті «Голден скорға» жеткізіп, жеңіске жетемін деп ойладым. Бұл жерге алтын үшін келдім. Өкінішке қарай, болмады. Бірақ келесі әлем чемпионаты өз елімізде өтеді. Сол кезде Қазақстанның әнұраны шырқалуы үшін барымды саламын, — деді Әбужақынова.

Естеріңізге сала кетейік, 48 келіге дейінгі салмақтағы финалда Әбиба италиялық Ассунта Скуттомен кездесіп, иппонмен жеңіліп қалды. Бұл — Қазақстан тарихындағы әлем чемпионатында әйелдер арасындағы алғашқы финал болатын.