20/06/25

Қазақстандық дзюдо жұлдызы ӘЧ-2025 алтын жүлдесінен қағылды

Париж-2024 Олимпиадасының қола жүлдегері, ел намысын қорғап жүрген Ғұсман Қырғызбаев дзюдодан Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына шыға алмады. Бұл туралы Sport-24.kz хабарлайды.

66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Қырғызбаев ширек финалда әлемдік рейтингтің көшбасшысы, Тәжікстан өкілі Нурали Эмомалиге жол берді.

Қосымша уақытта (golden score) Ғұсман үшінші ескерту алып, жеңіліс тапты. Осылайша, ол алтын медаль үшін күрес мүмкіндігінен айырылды.

Дегенмен, Қырғызбаев жүлдеден әлі де үмітті. Егер ол жұбаныш белдесуінде сәтті өнер көрсетсе, қола медаль үшін татамиге шығады.