20/06/25

Қазақстандық топ дзюдошы қыз әлем чемпионатында өкінішті жеңіліске ұшырады

Әйелдер құрамасының Будапешттегі (Венгрия) әлем чемпионатындағы (13–19 маусым) өнері ресми түрде аяқталды, деп хабарлайды Sport-24.kz.

Орта салмақта (-63 кг) ел намысын қорғаған Эсмигүл Қуюлова жарысқа қатысқан жалғыз қазақстандық болды. Алайда Азия чемпионатының қола жүлдегері бұл жолы алғашқы айналымнан өте алмады. Оның жолын словениялық балуан Кая Кажзер кесті.

Төрт минутқа созылған негізгі уақыт барысында жеңімпаз анықталмағандықтан, кездесу “алтын ұпай” кезеңіне өтті. Екі балуанның да еншісінде екі “шидо” болғандықтан, олар белсенді әрекетке көшті. Бірақ шешуші сәтте словениялық спортшы вазари әдісін орындап, жеңіске жетті.

Осылайша Эсмигүл Қуюлова турнирді жүлдесіз аяқтап, әлем чемпионатынан ерте кетуге мәжбүр болды.

Еске сала кетейік, бұған дейін 48 келіге дейінгі салмақта Әбиба Әбужақынова күміс жүлдеге ие болып, тарихи нәтижеге қол жеткізген еді.

Бүгін татамиге ерлер арасында Абылайхан Жұбаназар шығады.