20/06/25

Бахтиер Зайнутдиновтың Ресейге қайта оралуы күмән тудырды

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдиновтың Түркияның «Бешікташ» клубынан Ресейдің «Динамосына» ауысуы мүмкін деген ақпаратқа қатысты күмән туындады, деп хабарлайды Sport-24.kz.

Ресейлік спорт журналисі Игорь Рабинер өзінің Telegram-арнасында бұл трансфер туралы пікір білдірді:

«Зайнутдинов бойынша… Неге болмасқа, бірақ бұл оған керек пе?».

Сонымен қатар Рабинер басқа футболшылар жайлы да пікір айтып, Зайнутдиновтың «Динамоға» ауысуының қажеттілігіне күмән келтірді.

Айта кетейік, Бахтиер Зайнутдинов бұған дейін Ресей Премьер-Лигасында «Ростов» және ЦСКА клубтарының намысын қорғаған. Қазіргі таңда ол Түркия чемпионатында ойнап жүр, алайда оның болашағы жайлы нақты шешім әлі қабылданбаған.