20/06/25

Хаби Алонсо «Реал» футболшыларына қатаң талап қойды

Мадридтік «Реалдың» жаңа бас бапкері Хаби Алонсо команда ойыншыларына қатаң ультиматум жариялады, деп хабарлайды Sport-24.kz.

Испаниялық маман ойыншылардан әр матчта максималды деңгейде жұмыс істеуді талап еткен. Алонсоның айтуынша, кімде-кім алаңда жеткілікті түрде жүгірмесе немесе бар күшін салмаса, ол ойыншы құрамға енбейді.

Тіпті қақпашы Тибо Куртуа да бұл талаптан тыс қалмайды. Бапкердің сөзінше, тек қақпа алдында тұрып, соққы күту жеткіліксіз. Әр футболшы алаңдағы әр доп үшін күресуі керек.

Айта кетейік, 18 маусым күні «Реал» клубтық әлем чемпионаты аясында Сауд Арабиясының «Аль-Хиляль» командасымен кездеседі.